bkogov.kz Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.
"К.Мендалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
БҚО әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданы білім бөлімі
bkogov.kz
Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.
AA+
"К.Мендалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
БҚО әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданы білім бөлімі
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!
⚜️⚜️⚜️Адалдық құндылықтары апталығы аясындағы тәрбиелік шаралар”
Апталықтың негізгі мақсаты – жас ұрпақ бойына адалдықтың асыл құндылықтарын сіңіру, оларды шынайылыққа, әділдікке және туралыққа тәрбиелеу. Осыған орай, бастауыш сынып оқушыларына арнайы “Адалдықтың өтемі” мультфильмі көрсетілді.
Адалдық – адамгершілік қасиеттерінің ең басты негізі. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, біз оларға адалдықтың мәнін қарапайым әрі түсінікті түрде жеткізу үшін мультфильмді таңдадық. Мультфильмнің қызықты кейіпкерлері арқылы оқушылар адал болудың, дұрыс шешім қабылдаудың, және өзгелерге шынайы қарым-қатынас жасаудың маңызын жеңіл түсіне алды.
Мультфильм кейіпкерлерінің іс-әрекеттері мен бастан кешкен оқиғалары арқылы балалар күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайларда қалай адал және әділ болу керектігін үйренді. Балалар үшін қызықты әрі көрнекі болғандықтан, бұл тәсіл олардың жүрегіне жақын әрі түсінікті болды. Нәтижесінде, олар адалдық құндылығын сезініп, оны өз бойларына сіңіре білді.
Бұл тәрбиелік шара оқушылардың бойында адалдық пен әділдікке деген құрметті арттырып, оларды өмірлік жолда шынайы болуға ынталандырды.
2/5