1 қыркүйек-Білім күні құтты болсын!!!
Мектебімізде 1 қыркүйек –Білім күніне орай “Мектебім-мейірім мекені”тақырыбында салтанатты жиын оздырылды.
Салтанатты шараға Аудан әкімінің орынбасары Мажитова Зәйлім Исатайқызы,Аудандық мәслихат депутаты Есенгалиев Рауан Бақтығалиұлы,Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Молдашева Рая Габдрахимқызы, Казталов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Жадигеров Адилжан Жадигерович қатысты.
Білім күнімен мектеп ұжымын, оқушыларды , ата-аналарды аудан әкімінің орынбасары Мажитова Зәйлім Исатайқызы құттықтап, тілегін білдірді.
1 сынып оқушылары өздерінің тілектері мен құтықтауларын өлең жолдарымен жеткізе білді.
Алғашқы қоңырау соғу салтанаты әр бүлдіршіннің кішкене күміс қоңырауымен жалғасын тапты.