bkogov.kz Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.
"К.Мендалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
БҚО әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданы білім бөлімі
bkogov.kz
Біздің мектептің ресми сайтына қош келдіңіздер! Мұнда сіз біздің оқу орнымыздың маңызды оқиғалары туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.
AA+
"К.Мендалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
БҚО әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданы білім бөлімі
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!
👨‍👩‍👧‍👦 “ӘКЕ-ӨМІРДІҢ АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗЫ” 👨‍👨‍👧‍👧ашық есік күні.
✅✅✅Бүгін мектебімізде отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бала тәрбиесіндегі әке рөлін арттыру мақсатында “ӘКЕ-ӨМІРДІҢ АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗЫ” тақырыбында әкелерге арналған ашық есік күні оздырылды.
♻️♻️♻️Аты айтып тұрғандай әкелерге ашық есік күніне осы мектепте балалары білім алатын 100-ден астам әке қатынасты.
Әкелерімізге арналған мектеп дәлізінде кішкентай бүлдіршіндеріміздің тақырыпқа сай сәлемдесуі мен вокалдық топ мүшелері “Менің әкем” әнімен қарсы алды.
Мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйым мүшелері әкелерімізді мектеп өмірімен таныстырып, мұражайға саяхат жасап,ұлттық спорт ойындарының көрсетілімін ұйымдастырды. Шара соңында концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Мектеп басшысы өз сөз кезегінде әрбір әкеге ризашылығын айтып, мектеппен тығыз байланыста болуға шақырып, өз ұсынысын білдірді.Мектепте тағылымы мол шаралар әлі де жалғасын таппақ. Келген әкелерімізге алғысымыз шексіз!
2/5